2021 жылғы түлектер

03.03.2021

Жыл сайын дәстүрлі түрде қайталанып келе жатқан игілікті іс биыл да жалғасын тапты, ақпан айында оқуын бітіруші студенттер оқу орнының қабырғасынан кетіп, жаңа өмірге аттанады. 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 18.03.2008 ж. № 125 «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы және педагогикалық кеңестің 16.02.2021 ж. шешімі негізінде қорытынды аттестаттауға жіберіліп, өз біліктіліктерін растады:

- күндізгі оқу бөлімінен 1502033 «Агроном» біліктілігімен 1502000 «Агрономия» мамандығының студенттері 17 адам, 1225113 «Техник – технолог» біліктілігімен 122500 «Ет және ет өнімдерін өндіру» мамандығының студенттері 19 адам;

- сырттай оқу бөлімінен 1502033 «Агроном» біліктілігімен 1502000 «Агрономия» мамандығының студенттері 8 адам, 1508043 «Орман шебері» біліктілігімен 1508000 «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы» мамандығынан студенттер саны 27 адам.

Әлеуметтік серіктестер қорытынды аттестаттауға белсенді қатысады. «Агрономия» мамандығы бойынша қорытынды аттестаттау төрағасы болып ҚР АШМ АӨК МИК «Ф және Б АӘО» АММ Есіл ауданы филиалының басшысы - Асет Серикович Акпутин, «Ет және ет өнімдерінің өндірісі» мамандығы үшін «Казмяспродукт» ЖШС технологы, өндірісті меңгеруші - Юлия Павловна Гончарова, «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы» мамандығы үшін «Есіл орман шаруашылығы» КММ директорының орынбасары - Антон Иванович Грановский тағайындалды.

Күндізгі оқу бөлімі студенттері үшін мемлекеттік емтихандар SOVA білім беру платформасында онлайн режимінде өтті.

Студенттер арнайы пәндер бойынша жақсы білімдерін көрсетті. Үздік диплом иелері: Евгений Завтриковас (1502000 «Агрономия» мамандығы) және Бобомурод Юсупов (122500 «Ет және ет өнімдерінің өндірісі» мамандығы).

Сырттай бөлімнің студенттері де өз дайындықтарын көрсете алды. Юлия Букарь (1508000 «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы») үздік диплом алды.

Оқуларыңызды сәтті аяқтауларыңызбен құттықтаймыз, қай жерде болсаңдар да, қай жолмен жүрсеңдер де, сендер үшін жолдарың таза әрі жарқын болсын. Шыңдарды бағындыру үшін күш пен сенімділік, табандылық пен сәттілік тілейміз.



Текст
Виртуальная приемная